Түркияда жойқын жарылыс болды

Шетелдік БАҚ-тар таратқан ақпаратқа сәйкес, жарылыс терроризммен күрес басқармасының жанындағы полицейлердің бронетехникасын жөндейтін ғимаратта орын алған. Оқиғадан он адам зардап шеккен. Біреуінің халі ауыр деп бағалануда.

«Бұл терракт емес. Жарылыс жөндеу жұмыстары кезінде болды. Бір адам ауыр жарақаттанды, қалғандары жеңіл жарақат алған» — деді Түркияның ішкі істер министрі Сулейман Сойл.

 

ДереккөзBaq.kz