БжЗқ Telegram-да ресми ақпараттық арнасын іске қосты

Енді арнаның әрбір оқырманы Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі, жақын болашақта енгізілетін жаңа енгізілімдер және БЖЗҚ қызметі туралы маңызды ақпараттарды шұғыл түрде ала алады.

Арнаға жазылу үшін ең алдымен компьютерге орнатылған «Telegram Desktop» бағдарламасында немесе Android, iOS, Windows Phone секілді танымал платформаларға бейімдетілген смартфондағы Telegram мессенджерінің ұялы қосымшасына орнатылған web.telegram.org («Web Telegram» – сервистің атауы) сілтемесі бойынша тіркелу қажет.

Telegram тегін таратылады. Компьютерге бағдарлама немесе смартфонға ұялы қосымша орнатылған соң тіркелуіңіз керек болады. Аккаунт телефон нөміріне байланыстырылады.

«БЖЗҚ» АҚ телеграм-арнасына жазылу үшін компьютер немесе ұялы телефондағы браузер арқылы https://telegram.me/enpfkz сілтемесіне басу керек. Сілтемені таңдаған әдісіңіз бойынша «Web Telegram» сілтемесі, «Telegram Desktop» бағдарламасы немесе ұялы қосымша арқылы ашуға болады. Бұдан кейін «Join» («Қосылу») түймешігін бассаңыз жеткілікті. Бірақ екінші жолы да бар: Telegram-да іздеу белгішесін басып, арнайы жолға «enpfkz» немесе «АО ЕНПФ» атауын енгізу керек. Бағдарлама қажетті арнаны өзі табады. Соған кіріп, «Join» түймешігін басу қажет.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі.

ДереккөзBnews.kz