Алматыда тағы екі бағыт бойынша автобустар жаңарды

Бүгіннен бастап №16 және №50 бағыттар бойынша автобустар жаңарып, жылжымалы бірліктер саны артты. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.

«№16 бағытта «Асыл арман» шағынауданы – Орталық мәдениет және демалыс саябағына баратын автобустар саны 15-тен 25 бірлікке дейін, ал №50 бағыттағы «Айша бибі шағынауданы — Байсұлтанов көшесіне» қатынайтын көлік саны 10-нан 25 бірлікке дейін артты, — делінген хабарламада.

Yutong маркалы газбен жүретін 12 метрлік жаңа автобустар заманауи жабдықпен жабдықталған. Атап айтар болсақ, ауабаптағыш, бейнебақылау жүйелері және телефондарды зарядтауға арналған USB коннекторлар бар. Сонымен қатар салонға аялдамаларды көрсететін ақпараттық дисплей орнатылған.

Ал бұрынғы автобустар басқа бағыттарды күшейтуге бағытталады, — деп атап өтті әкімдіктен.