Доллар 447–452 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 447–452 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 11 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 447,29 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,93 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 447,5–452,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 448,7–450,9 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,83–4,95 аралығында саудаланып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да