Қазақстанның екі облысында көлік қозғалысы шектелді

10 наурыз сағат 18.00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты екі облыста республикалық маңызы бар екі автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Қызылорда облысында — жалпы ұзындығы 204 км бір автожол. (Ұлытау облысында ауа-райының нашарлауына байланысты).

1. «Қызылорда-Павлодар» — Қызылорда қ.-Ұлытау обл.шекарасы (автокөліктің барлық түрі үшін).

Ұлытау облысында – жалпы ұзындығы 208 км 1 автожол (жаңбыр, көктайғақ).

1. «Қызылорда-Павлодар» — Қызылорда обл.шекарасы-Талап а. (автокөліктің барлық түрлері үшін).

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп –ұстауға 310 бірлік техника және 535 жолшы жұмылдырылған.