Ресейде теракт жасау әрекеті кезінде Қазақстанның екі азаматы қаза болды

Ресейде теракт жасау әрекеті кезінде Қазақстанның екі азаматы қаза болды. Бұл ақпаратты ұлттық қауіпсіздік комитеті растады.

БАҚ-та Ресей Федерациясында Қазақстанның екі азаматының террорлық акті жасауды ұйымдастыруға әрекеті кезінде Ресейдің күштік құрылымдарымен көзі жойылғаны туралы ақпарат жарияланды. Бұл адамдардың қазақстандық азаматтығы және Ресейге барғаны расталады, — делінген комитет таратқан ақпаратта.

Аталған факті бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Тексеріс ынтымақтастық арнасы аясында Ресей ФҚҚ-мен тығыз байланыста жүзеге асырылып жатыр.

Өзге ақпарат қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.