Премьер-министр инвесторларға үндеу жасады

Премьер-министр Олжас Бектенов инвесторларға үндеу жасады. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет отандық және шетелдік бизнеспен өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға мүдделі. Қазақстан тұрақты түрде ұзақ мерзімді инвестициялар ағыны үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауға ұмтылып жатыр. Үкімет Қазақстанда заманауи жоғары құнды өндіріс орындарын ашуға, технологияның дамуын ілгерілетуге және инновациялық кәсіпорындар құруға бағытталған әрбір ірі инвестициялық жобаға қолдау көрсетуге кепілдік береді, — делінген үндеуде.

Инвесторларға инфрақұрылымдық, консультативтік қолдау және өнімдерін өткізуге көмек беріледі.

Сіздер мемлекеттік және құқық қорғау органдары тарапынан ешқандай қысым көрмейсіздер. Оған ешқандай күмән болмасын. Керісінше, үкімет сіздерге сенімді әрі ашық әріптес болады, — деді үкімет басшысы үндеуінде.