Басты бет / Жаңалықтар /
3609d527b83ea0473b07c08f7725512e Қос экраны бар ASUS Zenbook DUO 2024 қандай ноутбук?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Қос экраны бар ASUS Zenbook DUO 2024 қандай ноутбук?

ASUS компаниясы кезекті жаңа ноутбугын — Zenbook DUO 2024-ті шығарды. Бұл ноутбуктың қос экраны бар. Оған қоса процессоры жасанды интеллект негізінде істейді. Құрылғының тағы қандай ерекше тұстары бар?
Baribar.kz оны дизайнер, иллюстратор Анна Қасымға бірнеше күн қолданып көруге беріп, одан ASUS Zenbook DUO 2024 ноутбугының артықшылықтарын, қаншалық ыңғайлы екенін сұрап білді.

«Иллюстрациям арқылы әлемге жылу бергім келеді»

Анна Қасым 2018 жылдан бері дизайн саласында істейді. Қазір бірнеше жобаны қатар алып жүр. Балаларға арналған математика оқулығының дизайнын жасайды,  1-класс балаларының жазған әңгімелерін суретке айналдырады. Оған  қоса кондитерлік желінің брендиңгімен айналысады: мәзірдің, маңдайшаның және тағы басқасының дизайнын жасайды әрі тәттілерді суретке түсіреді. Сонымен қатар Satti Usta деген өзінің онлайн-дүкені бар: қазақы әрі замануи нақышты үйлестіріп, күнделік, ашық хаттар жасап сатады. Оның ашық хаттары Қазақстанның көптеген дүкенінің сөресінде тұр.

Арнайы тапсырыс бойынша істейтін жобаларды жасағанда тек өз қалауымды емес, тапсырыс берген адамның сұрағанын жасауым керек. Ал жеке иллюстрацияларыма өзімнің әлемге бергім келетін жылуымды бейнелеймін. Көбіне қыздардың суретін салғанды ұнатамын. Қазақы болмысқа ерекше қызығамын, оны замануи стильмен үйлестіріп салғанды жақсы көремін. Ашық хаттарда бейнеленген иллюстрацияның жанына шабыт беретін бір ауыз сөз жазып қоямын. Кішкентай ғана парақтағы жылы сөз бен сурет бір адамның күні бойғы көңіл-күйіне әсер етуі мүмкін. Жұмыстарым бір адамның жүзіне күлкі сыйласа, ерекше қуанамын, — дейді Анна.

f43c57cc199391fcab5900b58ae7de55 Қос экраны бар ASUS Zenbook DUO 2024 қандай ноутбук?
Анна Қасым. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Аннаның өз ноутбугы мен планшеті бар. Дегенмен ноутбугы ескіріп, жақында жаңасын алған. Бірақ байқаусызда оған су төгіп алып, құрылғысы мүлдем істемей қалыпты. Сөйтіп Анна әзірге жұмысындағылар берген ноутбук арқылы жұмыс істеп жүр. Жаңа құрылғы іздеп жүрген Аннаның қолына ASUS Zenbook DUO 2024 ноутбугы дер уақытында түсті.

ASUS Zenbook DUO 2024 — мен үшін жаңа тәжірибе. Жаңа құрылғының жаңа мүмкіндіктерін қолданып, өзіме қандай құрылғы керек екенін түсіндім, — дейді иллюстратор.

«Шағын әрі жеңіл»: ноутбуктың сырт көрінісі

ASUS Zenbook DUO 2024 ноутбугының екі экраны бар екенін естіген соң, көзіңізге үлкен құрылғы елестейтін шығар. Дегенмен компания қос экраны бар ноутбукты әдеттегідей шағын әрі жеңіл етіп жасаған. Мұны Анна да байқаған.

28a3b3dac21da8bc5cbd783fa64f7524 Қос экраны бар ASUS Zenbook DUO 2024 қандай ноутбук?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

ASUS Zenbook DUO 2024 ноутбугы туралы шолу-видеоларды көріп шықтым, бірақ құрылғының өмірде қандай болатынын толық елестете алмадым. Кейін ноутбукты көргенімде, сырт көрінісі кәдімгі басқа ноутбуктар сияқты шағын екенін байқадым. Өзіме жинақы құрылғылар ұнайды. Ноутбуктың экранын ашып, пернетақтасын көтеріп қалғанымда астынан екінші экраны шықты. «Уау» дедім, — дейді Анна. 

b777192d1c5f77a5545a03bb85f6e522 Қос экраны бар ASUS Zenbook DUO 2024 қандай ноутбук?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Ноутбуктың қалыңдығы — 14,6 миллиметр, салмағы — 1,35 келі. Пернетақтасын қосқанда қалыңдығы 19,9 миллиметрге, ал салмағы 1,65 келіге жетеді. Екі экраны бар мұндай ноутбуктың жеңіл болғаны — қолданушыға оны сатып алуға бір себеп болары анық.

ffa166e24e339fe389d6b035d456e9d9 Қос экраны бар ASUS Zenbook DUO 2024 қандай ноутбук?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Ноутбук оралып келген қораптарын қоқысқа тастамай, тіреуіш етіп қолдануға болады. ASUS-тың бұл шешімін қоқысты сұрыптауға аса мән беретін экобелсенділер ерекше бағалайтыны сөзсіз.

1937c4e9edba83f06282a8d07e4069b3 Қос экраны бар ASUS Zenbook DUO 2024 қандай ноутбук?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Айтпақшы, ноутбуктың қабы бар. Сөмке ұстамай-ақ, құрылғыны сол қабына салып алып, кез келген жерге бара беруге болады. Ноутбук иесі ол қапты да тіреуіш етіп қолдана алады.

526cab23e1b394baccaa2ef420139092 Қос экраны бар ASUS Zenbook DUO 2024 қандай ноутбук?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Ноутбуктың тіреуіші осы қорап пен қап қана деп қалмаңыз. ASUS Zenbook DUO 2024 ноутбугының артқы корпусында құрылғының екі экранын да биік етіп көтеріп тұратын тіреуіші бар. Бір қарағанда ол көзге көрінбейді, себебі артқы корпуста жиналып тұрады. Адам қажет кезде оны ашып, ноутбуктың қос экранын биіктете алады. Қалаған уақытында оны жауып қоя алады.  

0f1f968132ab7c87eb73fcaec58c910f Қос экраны бар ASUS Zenbook DUO 2024 қандай ноутбук?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
c0d1ba91061a054bcdcd40e1a20872ce Қос экраны бар ASUS Zenbook DUO 2024 қандай ноутбук?
Анна Қасым. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

«Өзі жеңіл болса да, ауыр бағдарламаны көтереді»

ASUS Zenbook DUO 2024 Windows 11 операциялық жүйесі бойынша істейді. Оның нейропроцессоры —  Intel Core Ultra 9. «Нейро» деп бекер айтып жатқан жоқпыз, бұл — жасанды интеллект негізінде істейді деген сөз. Ал оператив жады — 32 Гб.

Қазір уақытша ұстап жүрген ноутбугымның оператив жады — 8 Гб. Ал мен Adobe Illustrator және Photoshop деген бағдарламар арқылы жұмыс істеймін. Екі бағдарлама да ауыр, көп жадыны қажет етеді. Құрылғым қатып, жұмыс істеу қиынға соғып жатқан еді. Ал ASUS Zenbook DUO 2024 осы тұсынан маған ұнады. Жады көп, ауыр бағдарламалар оңай жүктеліп, жеңіл жұмыс істеуге мүмкіндік берді, — дейді иллюстратор. 

c79d9cdec6e2d2b25fdf2beecc9a50b2 Қос экраны бар ASUS Zenbook DUO 2024 қандай ноутбук?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

«Екі экран — көп мүмкіндік»: ноутбуктың экраны

ASUS Zenbook DUO 2024 ноутбугының қос экраны да сенсор, жылтырап тұрады. Оған 14 дюйм болатын ASUS Lumina OLED дисплейі жасалған. Жилігі — 120 Гц, жарығының шегі —  500 кд/м2. Ноутбуктың дисплейі экран аумағының 93%-ін алып жатыр. Бұл экран бетіндегі бейнені барынша үлкен етіп көруге мүмкіндік береді. Түс гаммасы — 100%. Бейнені 3000 сапада көрсетеді. Аннаның айтуынша, ноутбук экраны түстерді өзгертпей, дұрыс етіп көрсетеді. Оған қоса ноутбуктың экраны Сorning Gorilla деген әйнекпен қорғалған. Бұл ноутбукты сырылып кетуден қорғайды. 

Экранның бірі пернетақтаның астында тұрады. Пернетақта алынып-тағылады. Адам қос экранды да қолданғысы келсе, пернетақтаны алып, өзіне ыңғайлы жерге қойып қоюына болады. Ал экранды тіреуішпен көтеріп, биік етіп қолдана алады.

Елестетіңізші, кофеханада кофеңізді ішіп отырсыз. Шағын ғана үстеліңіз бар. Онда екі экраны бар ноутбугыңызды шығарып, тіреуішпен көтеріп қойсаңыз, қандай күшті көрінеді, иә?! Көпшілік назарын бірден аудартады, — дейді Анна.

e928f5237b61c3b72155886f9071042d Қос экраны бар ASUS Zenbook DUO 2024 қандай ноутбук?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Иллюстраторлар да суретші. Олардың кейбірі экранды үстелдің үстіне қойып, сурет салғанды ұнатады. Сол себепті иллюстраторлар, дизайнерлер планшетті де көп қолданады. ASUS компаниясы мұны да ескеріпті. Мәселен, дәл осы ноутбуктың бір экраны әдеттегідей, екінші экранын планшет сияқты қолдануға болады.

Қазір мен бір оқулықтың дизайнын өңдеп жатырмын. Оқулықты толық өзгертпеймін, сондықтан ондағы ақпаратты, кейбір суретті, сызықты қайта көшіріп қою керек. Бір беттен оқулықтың бұрынғы нұсқасын қарап отыру керек, ал екінші бетте жаңасын жасауың керек. Бір экраны бар ноутбукте, компьютерде беттерді қайта-қайта ашып-жауып, ауыстырып отыруың керек. Ол да біраз уақытты алады. Ал мұнда өте ыңғайлы екен. Үстіңге бетке оқулықтың ескісін шығарып қойып, астыңғы экран арқылы жаңасын түзей бересің, — дейді Анна.

9748967f38f5b3386ad43c8d7ea9069d Қос экраны бар ASUS Zenbook DUO 2024 қандай ноутбук?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

ASUS Zenbook DUO 2024 ноутбугын жантайтып қойсаңыз да, істей береді. Рас айтып отырмыз. Оны кітап сияқты тігінен қойсаңыз, экрандағы интерфейс өз бетімен ыңғайланып, өзгереді. 

Reels сияқты осындай форматта контент жасайтын адамдарға тиімді көрінді, — дейді Анна.

Ноутбук 180 градусқа иіледі. Бір ноутбуктың екі экраны болған соң, оны екі адам қатар қолдана алады. Тіпті екі түрлі шаруамен де айналысып отыра алады. Бір уақытта бірі сабағына дайындалса, екіншісі суретін сала береді.

Қос экраны бар ноутбук жобаңды басшыларыңа, әріптестеріңе, серіктестеріңе таныстырғанда, презентация жасағанда ыңғайлы екен. Саған да, оларға да көрініп тұрады, — дейді иллюстратор.

96688e48184944a8bec7ed0db7f76215 Қос экраны бар ASUS Zenbook DUO 2024 қандай ноутбук?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Алынып-тағылатын пернетақтасы

Жоғарыда айтқанымыздай, пернетақтасы алынып-тағылады. Екі экранды қажет етпесеңіз, пернетақтаны алмай-ақ, ноутбукты әдеттегідей қолдануыңызға болады. Қос экранды қолданғанда, оны алып, үстелдің бір шетіне немесе тізегіңізге — өзіңіз қалаған жерге қойып жұмыс істеуге болады. Пернетақта жеп-жеңіл.

Кейде ноутбук экранына өте жақын отырғандықтан көзің ауырады. Осындай сәтте пернетақтаны алып, құрылғыдан алыс отыруға болатыны күшті екен, — дейді Анна.

b777192d1c5f77a5545a03bb85f6e522 Қос экраны бар ASUS Zenbook DUO 2024 қандай ноутбук?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
65ab7bedd82950903f5f92921c2513cb Қос экраны бар ASUS Zenbook DUO 2024 қандай ноутбук?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Айтпақшы, бұдан бөлек виртуал-пернетақта бар. Ноутбуктың төмен жағындағы экранның бетін алты сауқсақпен басса, виртуал пернетақта шығады. Осылай, бұл ноутбуктың иесі тек екі экранға емес, екі пернетақтаға да ие болады.

Өте жақсы сезетін стилусы

Аннаның өз стилусы бар. Бірнеше жылдан бері тек соны қолданып келеді. Қолы да үйреніп қалған. ASUS Zenbook DUO 2024 ноутбугының стилусы өзінікіне ұқсамайды екен, сәл қалыңдау. Дегенмен қолға ұстағанға өте ыңғайлы екен дейді. 

f6e88f53c51b7c1a888676a02cfe9e84 Қос экраны бар ASUS Zenbook DUO 2024 қандай ноутбук?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Әдетте дизайнерлер, иллюстраторлар бір стилусты ұзағынан қолданады. Стилустың көбіне ұшы (насадка) кетіп жатады. ASUS Zenbook DUO 2024 ноутбугы стилусының негізгі ұшының қосымша үшеуі бар екен, — дейді иллюстратор. 

6dfff393fdbc0c573f684577eccb611c Қос экраны бар ASUS Zenbook DUO 2024 қандай ноутбук?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Оның айтуынша, бұл стилус суретті жақсы салады, экранды жақсы сезеді, тіпті экранның бетіне жақындатқан сәттің өзінде экран сенсоры оны сезе бастайды.

bbc1793fdecf7cb874a7d3dfa1c42ecc Қос экраны бар ASUS Zenbook DUO 2024 қандай ноутбук?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Температурасын реттеп отыратын желдеткіші

ASUS Zenbook DUO 2024 екі жылу құбыры мен екі желдеткіші бар. Оған қоса аналық плата мен OLED-панелдің ортасына қосымша жылу таратқыш орнатылған. Ол құрылғыны салқындатуға мүмкіндік береді.

09bf8a5cccacfe4a8be73dcc0ccb7cec Қос экраны бар ASUS Zenbook DUO 2024 қандай ноутбук?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

«Қуаты ұзаққа жетеді»: ноутбуктың қуаттағышы

Тағы бір ерекше тұсы — ASUS Zenbook DUO 2024 ноутбугының қуаттағышының кіп-кішкентай екені. Адаптері алақанға сыйып кетеді, десе де оған жалғанатын сымы әжептәуір ұзын. Батареясының сыйымдылығы — 75 Вт. Қуаттағыш 49 минутта ноутбукты 60%-ке дейін қуатын толтырып береді. Стилусқа арналған USB жалғағышы да бар. 

bb667a3a5430408150289562e958502b Қос экраны бар ASUS Zenbook DUO 2024 қандай ноутбук?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Ноутбуктың тек бір экранын қосып, желіден тыс режимде қолданса, қуаты жарты күнге — 13,5 сағатқа, ал екі экранын қолданса, 10,5 сағатқа жетеді. Ал ноутбукты Modern Office режимі арқылы қолданса, оның қуаты 8-8,8 сағатқа жетеді. Бұл дегеніміз — ноутбуктың қуаты бір жұмыс күніне жетеді деген сөз. Үйіңізде қуаттағышыңызды ұмытып кетсеңіз де, офисте еш алаңсыз жұмыс істей бересіз. Айтпақшы, қуаттағышты ұмытып кеттіңіз, қуаты таусылып қалды делік. Мұндай жағдайда ноутбукты смартфонның қуаттағышымен де қуаттауға болады. 

587d2415288468c5872c43b5311d1d83 Қос экраны бар ASUS Zenbook DUO 2024 қандай ноутбук?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
958b328ec7e491581d9530363e158ffd Қос экраны бар ASUS Zenbook DUO 2024 қандай ноутбук?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Қосымша: уеб-камерасы мен аудиожүйесі

Жасанды интеллект негізінде істейтін AiSense уеб-камерасы бейнені сапалы етіп көрсетеді. Енді контеніңізді, жұмысыңызды онлайн-жиналыстарда қорықпай көрсетуге болады. Сіз қалай көріп тұрсаңыз, камераның арғы бетіндегі адам да дәл солай көреді. Оған қоса бұл уеб-камера сіздің қауіпсіздігіңізді ойлап отыр. Құрылғы сіздің бет-әлпетіңізді “танып” қана ашылатындай етуге болады. Осылай, ноутбугыңыздағы жеке деректерді ешкім көре алмайды.

Оған қоса артық дыбысты алып тастайтын екі жақты шудан қорғау жүйесі бар.

a7e86452b2641d954ba5e8039372bc1e Қос экраны бар ASUS Zenbook DUO 2024 қандай ноутбук?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Ноутбуктың аудиожүйесі Audio Booster технологиясы бойынша жасалған. Ноутбук арқылы сүйікті сериалыңызды құдды бір кинотеатрдан көріп отырғандай көресіз.

Үстіңгі экранға сүйікті сериалымды қосып қойдым да, астыңғы экран арқылы жұмысымды жасап отырдым, — дейді Анна Қасым.

Ойна, зертте, жүлде ұтып ал!

ASUS компаниясы ТМД елдерінде жаңа Zenbook Duo 2024 ноутбугының сатыла бастайтына орай, «ASUS-тың шытырман оқиғалары» деген интерактив әрі танымдық ұтыс ойынын бастайды. Ойынға қатысатындар әртүрлі кедергіден өтіп, шеберлігін шыңдайтын кейіпкерді басқаруы керек. Әр деңгейдегі ойын элементтері флагмандық жаңа өнімнің әртүрлі функциясы мен сипатын білдіреді.

2024 жылғы 11 наурыз бен 15 сәуір аралығы әр кезеңнің жеңімпаздары Microsoft 365 кодына ие болады. Ал финалға жеткендерді бас жүлде күтіп тұр. Жеңімпаз Zenbook Duo 2024 ноутбугын ұтып алады. Кезеңдердің нәтижесі ASUS CIS әлеуметтік желілерінде жарияланады.

«ASUS-тың шытырман оқиғалары» — ойнап отырып, біріктіретін ASUS Zenbooks сериясының жаңа технологиясын зерттеп білудің қызық әдісі.

Қорытындыласақ, ASUS Zenbook DUO 2024 ноутбугын қолданып, оның мынадай артықшылықтарын атауға болады:
  • қос экраны бар;
  • құрылғы ноутбук әрі планшет ретінде істейді;
  • сезімтал стилусы бар;
  • ауыр бағдарламаларды жүктеуге болады;
  • пернетақтасын ноутбуктан алыста отырып та, қолдануға болады;
  • виртуал пернетақтасы бар;
  • қуаттағышы кішкентай, бірақ қуаты мықты;

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook