Силикагельдің біз білмейтін пайдасы

Телефоныңыз суға түсіп кетсе…

Силикагель суға түсіп кеткен ұялы телефоныңыздың суын бір түннің ішінде сорып алады. Ол үшін ұялы телефоныңыздың SIM-картасы мен батареясын ажыратып алып, телефонды силикагель толтырылған ыдысқа 12 сағаттай қойып қойсаңыз жеткілікті.

Терезенің булануы

Автокөліктің құралдар панелінде силикат қаншалықты көп болса, көлік терезесінің булануы соншалықты бәсең болады. Сондықтан, силикагельдің құрамындағы минералдарды силикат ретінде қолдануға болады.

Жағымсыз иісті кетіреді

Кез келген сөмкеде немесе киімде болатын жағымсыз иісті жою үшін жақын жерде силикагельді пайдаланған жөн. Денеңізді қыздырып келген кезде терге малынған киіміңізді сөмкеге сала салатыныңыз анық. Кейін сөмкеден кетпейтін жағымсыз иіс пайда болады. Сөмкеңізден шығатын  жағымсыз иістерді силикагельдер өте жақсы кетіреді.

силикагельӨткір сақал қырғыш

Сатып алған сақал қырғышыңыздың алмасы тозып, уақытынан бұрын істен шығып қалуы мүмкін. Бұл жағдайда да алмасты силикагельмен бірге сақтасаңыз ол ұзақ уақытқа дейін өткірлігін сақтап қалады.

Дымқыл иістің алдын алады

Егер шұғыл түрде су киімді бүктеп, жолға жиналсаңыз, міндетті түрде арасына силикагельді салып жіберіңіз. Сонда ешқандай иіс шықпайды.

Буланып қалған фотоапарат линзасы

Фотоаппараттың линзалары ауа температурасы төмендеген кезде бірден булана бастайтыны белгілі. Бұл сәтте де бірнеше қағазқапшыққа салынған силикагельді фотопаппарат қабына салып қойсаңыз, пайдасы зор.