Бүгін төрт қалада ауа сапасы бұзылады

Бүгін Қазақстанның төрт қаласында жайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасып, ауа ластанады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлады.

2024 жылғы 5 наурызда Ақтөбе, Алматы, Жезқазған, Шымкент қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыпасып, ауа ластанады, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.