Бүгін тоғыз қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Алматыда, Астанада және тағы жеті қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай болатынын ескертті.

2024 жылғы 1 наурызда Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Риддер, Теміртау, Қарағанды, Жезқазған қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.