Қазақстанның бірқатар өңірінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде көктайғақ, тұман болады. Осыған байланысты жол қызметкерлері жүргізушілерге үндеу жасады.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.
Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар! Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, ұзақ жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, — делінген хабарламада.
Кейінгі мәліметтер бойынша, Түркістан, Павлодар, Қостанай, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында қалың тұман түседі. Салдарынан автожолдардың көрінуінің шектелу қаупі бар.
Павлодар облысында көктайғақ пайда болуы мүмкін. Ал, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласында екпіні 18-20 м/с жел соғады деп болжанады.
