Алматыда қоғамдық тәртіпті 2 мыңнан астам полиция қызметкері қамтамасыз етуде.
Бұл туралы қалалық ТЖД хабарлады.
Патрульдік полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, ювеналды полиция мен жедел бөлімшелердің инспекторлары қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды. Сонымен қатар тергеу-жедел топтар күшейтілді.
Қаладағы жалпы білім беретін мектептер мен медициналық мекемелердің жағдайына ерекше назар аударылып жатыр. Алматыда жедел және жол қозғалысы жағдайы тұрақты және бақылауда.
Солтүстік-оңтүстік-шығыс-батыс бағыттарындағы жол қозғалысы автокөлік қозғалысының көбеюіне қарамастан, әдеттегідей бағдаршамның көмегімен жүзеге асырылады. Күрделі қозғалыс жағдайында қозғалыс қолмен басқаруға ауыстырылады.
Жанармай құю бекеттері де бақылауға алынды.
Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Сонымен қатар азаматтардың мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету және қылмыстардың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.
Сонымен қатар Алматы полициясы азаматтарды ақпараттық мәдениеттілікке шақырады және тек ресми ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге сенуді ұсынады.