Қазіргі уақытта жер дүмпуінің қайталану қаупі сақталып отыр. Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев мәлімдеді.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінде арнайы штаб құрылды. Дәл қазіргі уақытта жер дүмпуінің қайталану қаупі әлі де сақталады. Афтершок. Бүкіл қала тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтап, жақын орналасқан халықты қабылдау пункіне баруларыңызды сұраймыз, — деді Нұрлан Атығаев.
Айта кетейік, бүгінгі жер сілкінісі Алматыда — 5 балл, Жетісу облысында — 2 балл көлемінде сезілді.
