Алматыдағы жер сілкінісінен қираған үйлер туралы жедел желіге хабарлауға болады

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарында жедел желі телефондары жұмыс істеп тұр.

ТЖМ жедел желі нөмірін жариялады:

ТЖМ: 87172 — 704114
Алматы — 278 20 83, 278 20 84
Жетісу облысы — 8 7282 — 22 02 18
Алматы облысы — 8 72722- 26 097.

Айта кетейік, бүгінгі жер сілкінісі Алматыда — 5 балл, Жетісу облысында — 2 балл көлемінде сезілді.

Алматы қаласы ТЖД жеке құрамы «Жиын» сигналы бойынша көтерілді.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Жер сілкінісінің салдары туралы ақпарат жиналып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да