Туризм және спорт министрлігі танымал туристік аймақтардың тізімін жариялады.
Бұған дейін тізімге 10 аймақ кірген. Қазіргі кезде танымал туристік орындардың саны 20-ға дейін кеңейтілді. Олар:
- Хан Ордасы (Батыс Қазақстан облысы);
- Қарғалы су қоймасы (Ақтөбе облысы);
- Туристік кешен (Қостанай облысы);
- Щучье-Бурабайдағы «Ақбура» курорттық аймағы (Ақмола обысы);
- Имантау-Шалқар курорттық аймақтары (Солтүстік Қазақстан облысы);
- Баянауыл (Павлодар облысы);
- Қатон-Қарағай курорттық аймағы (Шығыс Қазақстан облысы);
- Алакөл курорттық аймағы (Абай мен Жетісу облыстары);
- Түрген-Қаскелең тау кластері (Алматы қаласы, Алматы облысы);
- «Көксай resort» (Жамбыл облысы);
- Балқаш (Қарағанды облысы);
- Түркістан (Түркістан облысы);
- Байқоңыр ғарыш айлағы (Қызылорда облысы);
- Ұлытау ауылы (Ұлытау облысы);
- Жылы жағажай (Маңғыстау облысы);
- Сарайшық қалашығы (Атырау облысы);
- Шымкент – гастрономиялық туризм орталығы (Шымкент қаласы);
- Туристік аудан (Астана қаласы).
Министрлік ішкі туризмнің өскенін ескере отырып, атқарушы органдармен бірлесіп аталған туристік бағыттарда инфрақұрылымды дамыту бойынша жол карталарын әзірледі.