Қазақстанда Топ-20 туристік орындар тізімі жасалады

Елімізде саяхаттауға арналған топ туристік орындардың саны артады. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ержан Маржықпаев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында айтты.

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша отандық туристік орындардың тізімі Топ-10-нан, 20-ға дейін кеңейтіледі. Еліміздің барлық өңірінде неғұрлым перспективалы туристік орындар айқындалады. Топ туристік орындарды, инфрақұрылымды дамыту мен инвестициялық мүмкіндіктерін айқындай отырып, жоспар әзірленеді, — деді Ержан Маржықпаев.