Республикалық автожолда көлік қозғалысы шектелді

Сағат 09.15-тегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бір облысында республикалық маңызы бар бір автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметі хабарлады.

Жамбыл облысында жалпы ұзындығы 79 км болатын бір автожолда боранға, жолдың көрінуі нашар болуына байланысты автокөліктің барлық түрі үшін шектеу екнгізілді:

1. «Алматы-Ташкент-Термез» автожолы, Кенен ауылынан-Қайнар ауылына дейінгі аралық (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады).

Аталған учаскеде көліктердің жиналуы байқалмайды.

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарға 414 бірлік техника және 841 адам жұмылдырылды.