Жамбыл облысында қар құрсауынан 7 адам құтқарылды

Жамбыл облысында қар құрсауынан жеті адам құтқарылды, оның төртеуі шетел азаматы. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 ақпанда Жуалы ауданында, Шымбұлақ ауылынан 8 км (таулы жер), төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Б. Момышұлына ауылына қар құрсауында қалған жеті адамды жеткізді. Олардың төртеуі қытай азаматтары.

Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады, — делінген хабарламада.