Жалған ақпарат таратқан әлеуметтік желілерге 50 млн еуро айыппұл салынады

«Заң жобасы жалған ақпараттарды азайтып, олардың әлеуметтік желілерде тарауын тоқтатуға бағытталған. Егер желіде адамдарды адастыратын қандай да бір жалған ақпарат тараса, оның админстраторы жауап береді»,- деді Германияның әділет министрі Хайко Маас.


Сондай-ақ, заңда шағымдану механизмінің қарапайым болуы керек екені айтылады. Егер қолданушы ақпараттың жалғандығын айтып, шағымданса, әлеуметтік желілер оны 24 сағаттың ішінде жоюы керек. Ал, ақпараттың жалған не рас екені белгісіз болса, оны анықтап, қажетті шараларды қолдануға 7 күн беріледі. Шағым нәтижесі қолданушыға міндетті түрде хабарлануы керек. Бұл талаптар орындалмаса, 50 млн еуро айыппұл салынады.

ДереккөзLife.ru