Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алады?

Қаңтар айында 571,6 мың көпбалалы отбасы жалпы сомасы 38,1 миллиард теңге мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы алды. 

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2024 жылы:

  • төрт баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;
  • бес балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;
  • алты балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;
  • жеті балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;
  • сегіз және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге мөлшерінде төленеді.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7%-ке артты.

Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 474,8 миллиард теңге қарастырылған.