Бүгін Қазақстанның 7 қаласында ауа ластанады

Бүгін Қазақстанның жеті қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

2024 жылғы 27 ақпанда Ақтөбе, Алматы, Атырау, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.