Қарағанды облысында жеке үйден өрт шығып, төрт бала қаза болды

Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, өрт 23 ақпанда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Талды ауылындағы екі бөлмелі жеке үйде болған.

23 ақпанда Қарқаралы ауданы Талды ауылында екі бөлмелі бір қабатты тұрғын үйде 10 шаршы метр аумақта тұрмыстық заттар, жиһаздар, терезе-есік бөліктері өртенді. 2019, 2020, 2021, 2022 жылғы балалар қаза болды, – деп жазылған Қарағанды облыстық төтенше жағдай департаментінің хабарламасында.

Департамент оқиғаның себебі мен жай-жапсары анықталып жатқанын жеткізді.