Желіде ереуілге қатысуға мәжбүрлеу туралы ақпарат тарады

Бұл туралы Маңғыстау облысының полиция департаменті хабарлады.

Әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысындағы бірқатар кәсіпорындардың қызметкерлерін алдау және зорлық-зомбылық қаупімен ереуілдерге қатысуды жалғастыруға мәжбүрлеу туралы ақпарат таратылып жатыр. Атап айтқанда, мұндай жағдай «West Oil Software» ЖШС ұжымында орын алуда, – делінген департамент хабарламасында.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті заңсыз ереуілге қатысуды жалғастыруға шақыру фактілері бойынша ҚК-нің 402-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.