Оқушыларға сабақ кезінде смартфон пайдалануға тыйым салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

Заңның негізгі мақсаты – білім беру саласындағы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығын қорғау саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіру.

Смартфон пайдаланбау туралы ереже сабақ кезіндегі шектеулерге ғана қатысты. Оқушы мектепке ұялы телефон алып баруына болады.