Бүгін 10 қалада ауа сапасы бұзылады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 21 ақпанда Қазақстан қалаларында қалыптасатын ауа сапасына болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, сәрсенбі күні Ақтөбе, Атырау, Алматы, Астана, Қостанай, Павлодар, Петропавловск, Риддер, Семей, Өскемен қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі. Елдің өзге қалаларында ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.