Ауа райына байланысты 7 облыста республикалық жолдар жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты жеті облыста республикалық маңызы бар 20 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы хабарлады.

Абай облысы – жалпы ұзындығы 2176 км жеті автожол.

1. Облыс бойынша барлық бағытта (дизелді отынмен жабдықталған қоғамдық және өзге де көліктер үшін);

Шығыс Қазақстан облысында – жалпы ұзындығы 1238 км 7 автожол.

1. Облыс бойынша барлық бағытта (дизелді отынмен жабдықталған қоғамдық және өзге де көліктер үшін);

2. Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары-Берел ауылы-Рахман қайнарлары. (Барлық көлік түрі үшін);

Жетісу облысында – жалпы ұзындығы 158 км екі автожол;

1. «Алматы-Өскемен» — Үшарал қ.-Абай обл. шек. (дизелді отынмен жабдықталған қоғамдық және өзге де көліктер үшін);

2. Үшарал-Достық-Көктұма б.-Достық б. (барлық көлік үшін);

Қарағанды облысында— жалпы ұзындығы 103 шақырым бір автожолда.

1. «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз»-Қарқаралы ​​қ-Абай обл. шек.(Дизелді отынмен жабдықталған қоғамдық және өзге де көліктер үшін);

Қостанай облысында – жалпы ұзындығы 83 шақырым бір автожол.

1. «Жезқазған-Петропавл»-Ұлытау обл. шек.-Арқалық қ. (көліктің барлық түрлері үшін);

Павлодар облысында – жалпы ұзындығы 160 шақырым бір автожолда.

1. Омбы-Майқапшағай-Кенжекөл к.-Абай обл. шекарасы (Дизелді отынмен жабдықталған қоғамдық және өзге де көліктер үшін);

Ұлытау облысында – жалпы ұзындығы 115 шақырым бір автожолда.

1. «Жезқазған-Петропавл» — Ұлытау к.-Қостанай обл. шек. (барлық көлік түрі үшін).

Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп ұстауға 379 бірлік техника және 777 жолшы жұмылдырылды.