Үлкен әрі дыбысы қатты шығатын шаңсорғыштан шаршадыңыз ба? Samsung компаниясы Қазақстанда жаңа вертикал гаджеттерді – Jet 75 Pro, Jet 75 Complete, Jet 85 және Jet 95 шаңсорғыштарын сата бастайды. Енді үйді оңай жинайсыз әрі бұл іс сізге қуаныш сыйлайды!

Жаңалықтарымыз жүрегіңізді қалай жаулап алады?

Samsung-тың сымсыз шаңсорғыштары кез келген жердегі — кілемдегі, паркеттегі, плиткадағы, дивандағы шаң-тозаңды, қоқысты өте күшті қуатпен оп-оңай сорып, жинап алады. Ал цифрлық инверторлық моторы қоқысты тек қатты сорып қана қоймай, қуатын жоғары деңгейде тиімді тұтынуға мүмкіндік береді. Сүзу жүйесі ұсақ бөлшектерді, соның ішінде аллергендер мен бактериялардың 99.999%-іне дейін ұстап қала алады. Сол себепті сіз жай шаңсорғыш емес, ауа тазартқыш та сатып алғандай боласыз!

Үй жинағанда таптырмас көмекші болатын жаңа модельдер тағы несімен ерекше?

Шаңсорғыштар қолайлы әрі ыңғайлы! Шаңсорғыштар сымсыз болғандықтан, сізге оны қуаттау үшін тоқ көзін іздеп жүрудің немесе ұзын-сонар сымына оратылып жүрудің қажеті жоқ. Шаңсорғыштың көлемі шағын болған соң, төсектің, креслоның астын, тіпті көлігіңіздің салонын тамаша етіп тазалай аласыз. Бір сөзбен айтқанда, енді сіздің қолыңыз барлық жерге емін-еркін жетеді!

Әрине, бұл үшін сізге қондырма, көп қондырма қажет.

Jet 95 және Jet 85 моделдерінің иесіне бонус ретінде жууға арналған аксессуар беріледі. Бұл аксессуар жиһазыңызды құрғақ әрі ылғал етіп сүртіп, бір із қалдырмай, тап-тұйнақтай етеді. LED-шамы бар щетка қараңғы бұрыштарға жарық түсіріп, шаң-тозаңды жинауға көмектеседі. Мысалы, жиһаздың астына жарық түсіріп, ондағы қоқысты (тіпті, сүйіктіңіздің тығып қойған ақшасын) көре аласыз. Ал Soft Action жұмсақ щеткасы еден бетін сырмай, зақым келтірмей мұқият тазалайды. Бұл шаңсорғышты сатып алғаннан кейін де еденіңіз сырылып жатса, мысығыңыздың тірлігі шығар. Мұндай кезде сізге үй жануарларының жүнін жинап беретін Pet Tool+ қондырмасы қажет болуы мүмкін. Ол кілем мен жиһаз бетінен жүн мен шашты жинап, тазалап береді. Шыраққа арналған иіліп тұратын ауыстырғыш арқылы сіз биік сөрені, төбені, шамдарды сүртіп, өрмекшілердің торына «қош бол» дейсіз. Бұл үшін жай ғана қажет щетканы қосып, оны әртүрлі бұрышқа бұрып отыру керек.

Өзіңіздің Jet 95 шаңсорғышыңызды қуаттағыңыз келе ме? Оны еденге немесе кез келген ыңғайлы жерге қоюға болатын Z-станция орнатыңыз. Ол шаңсорғышты вертикал түрде ұстап тұрады және автомат түрде қуаттайды. Оған қоса станцияның  қондырмаларға арналған бекіткіштері бар. Олар әрқашан қолыңызда болған соң, өте ыңғайлы.

Фото: Samsung

Ал СК-дисплей қаншалық жақсы сорып-сормайтынын, қай жерден қате кеткенін, қанша қуаты қалғанын және автономды жұмыстың қалған уақытын көрсетеді. Автономды жұмысы тез бітеді деп еш уайымдамаңыз, себебі 2500 мАс аккумуляторы бар Jet-іңіз 60 минутқа дейін жұмыс істейді (Jet 95 шаңсорғышының қосалқы батареясы тазалау уақытын екі сағатқа дейін ұзартады).

Болашақ Jet көмекшілеріңіз сізді Samsung интернет-дүкенінде және серіктестерімізде күтіп тұр.

Samsung шаңсорғыштарының мына серияларының: Jet 95, Jet 85, Jet 75 Pro және Jet 75 Complete шеңберіндегі функционал қызметтерінде бәрі көрсетілген.