Қазақстанда 45 градусқа дейін аяз болады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері ел аумағында 20 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады.

Тек елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қарлы бұрқасын мен қар жауады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта-желдің күшеюі күтіледі, елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында-тұман түседі, — делінген хабарламада.

Жетісу облысында 30-35 градус, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 45 градус қатты аяз болады.