“Қазгидромет” РМК синоптиктері 20-22 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстанның оңтүстік-шығысында аяз әлсірейді. Арктикалық антициклон Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында аязды ауа райын ұстап тұр. Алайда оңтүстік циклонға байланысты еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауып, бұрқасын болуы мүмкін. Таулы аймақтарда қалың қар жауады, сонымен қатар республиканың оңтүстік-шығысында аяздың беті қайтады, — делінген хабарламада.
Бұл ретте ауа температурасы төмендейді деп күтілуде:
- батыста – түнде 10-25 градус, күндіз 5-15 градус аязға дейін;
- республиканың солтүстік және орталық аймақтарында ауа температурасы түнде 28-38, күндіз 15-23 аяз;
- шығыс өңірлерде түнде 32-45, күндіз 20-32 аяз;
- республиканың оңтүстік-шығысында температура түнде 15-25, күндіз 0-13 аязға дейін біртіндеп көтеріледі.
