Тоғыз облыстың оқушылары сабақты қашықтан оқиды

19 ақпан ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің тоғыз облысында оқушылардың сабағы қашықтан оқыту форматына көшірілді.

Бұл туралы білім беру басқармасы хабарлады.

Басқарманың мәліметінше, Астанада, Қарағандыда, Павлодарда, Қостанайда, Көкшетауда, Семей мен Петропавлдың мектеп оқушылары мен колледж студенттері онлайн оқиды.

Сонымен қатар Қызылорда мектептерінің бастауыш класс оқушылары қашықтан оқиды.