Астанадағы ЖЭО-да компенсатор жарылды

Астанадағы жылу электр орталығындағы турбиналардың бірі ақауға байланысты тоқтатылды. Бұл туралы «Астана энергиясы» АҚ хабарлады.

Компанияның мәліметінше, реттеу жүйесінің дұрыс жұмыс істемегенінен компенсатор бұзылған. Компания өкілдерінің мұны апат деуге келмейтінін айтты.

Бұл апат емес. Барлық ақау жойылды және ТА-4 жұмыс істеп тұр. Жүктеме — бұрынғыша 100 мегаватт. Бұл ЖЭО-2 жұмысына әсер еткен жоқ, — делінген хабарламада.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта турбина жұмыс істеп тұр, ал ақау электр және жылу энергиясын өшірмей-ақ қалпына келтірілген.