Мазмұнға өту
Басты бет / Қоғам /

Ауа райына байланысты алты облыста жолдар жабылды

Фото: БҚО ТЖД
Ауа райының қолайсыздығына байланысты алты облыста республикалық маңызы бар алты автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы хабарлады.

Абай облысында бір учаске:

Жалпы ұзындығы – 177 км (қар, боран, жел, көрінуді шектеу).

1. «Омбы-Майқапшағай»-Қалбатау а.-Бұғаз а. (барлық көлік үшін).

Жамбыл облысында бір учаске:

 Жалпы ұзындығы – 79 км (қар, боран, жел, көрінуді шектеу).

1. «Алматы-Ташкент-Термез» — Кенен ауылы-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) (барлық көлік үшін).

Жетісу облысында бір учаске:

Жалпы ұзындығы – 100 км (қар, боран, жел, көрінуді шектеу)

1. «Үшарал-Достық» — Көктұма ст.-Достық ст. (барлық көлік үшін);

Қостанай облысында бір учаске:

Жалпы ұзындығы – 83 км (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты).

1. «Жезқазған-Петропавл»-Ұлытау обл.шек-Арқалық қ. (барлық көлік үшін).

Түркістан облысында бір учаске:

Жалпы ұзындығы – 106 км (бұрқасын, көктайғақ). «Жизақ-Гагарин-Жетісай-Сарыағаш-Жібек жолы-Қызыләскер а.-Черняевка а.» (жүк көліктері үшін).

Ұлытау облысында бір учаске:

 Жалпы ұзындығы – 115 км (боран жел, көрінуді шектеу).

1. «Жезқазған-Петропавл»-Ұлытау кенті-Қостанай обл.шек (барлық көлік үшін).