Көктемде демалуға болатын көрікті жерлер

Шарын шатқалы

Алматы облысы, Райымбек ауданында орналасқан Шарын шатқалы табиғатының әсемдігімен, көзтартар ерекше сұлулығымен танымал. Шарын шатқалында биіктігі 150-300 метрге дейін жететін «Қамалдар аңғары», «Жалмауыз кемпір шатқалы» сияқты құмды жарлар бар. Жергілікті халық шатқалды «қорғанды қамалдар аңғары» деп атайды. Аңғар ұзындығы шамамен 2 шақырым, ені 20-80 метрге дейін барады.Шарын шатқалы жасы 12 миллион жылға жуық шөгінді тау жыныстарынан қалыптасқан.

Шарын шатқалы
OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Көлсай көлдері

«Көлсай көлдері» Мемлекеттік ұлттық саябағы Алматы облысының Талғар және Райымбек аудандарының аумағында орналасқан. Көлсай өзенінің бойында үш көл орналасқан: Жоғарғы Көлсай, Ортаңғы Көлсай және Төменгі Көлсай. Парк территориясында теңіз деңгейінен 1800-3500 метр жоғары өсетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, керемет өзендер мен көлдер, қырлы ландшафттар кездеседі. Ауа-райы демалу және сауықтыру үшін ыңғайлы, қысы жұмсақ, ауасы таза, қысқы және жазғы демалыс түрлері үшін қолайлы. Көлсай көлдеріне жаяу және атты маршруттармен, ал Қайыңды көліне автокөлікпен баруға болады. Сонымен қатар, гидтер мен экскурсовод-нұсқаушылардың қызметін пайдалану мүмкiндiгi бар.

Көлсай көлдері
© Photo-Deep.com

Шонжыдағы ыстық су

Шонжыдан бір сағаттық қашықтықта, Кетмен жотасы мен Іле өзені алқабы аралығында термалды артезиандық қайнарлар бар. Жер астынан бұрқырап шығып жатқан су көздерінің қоры аса бай және денсаулыққа да пайдасы зор екені дәлелденген. Минералы әлсіз мұндай сулардың емдік қасиеттері бар. Дәрігерлер аталған ыстық су көздерінен шығатын суды ішке қабылдаудың да, сырттай пайдаланудың да денсаулықты қалпына келтіруге көмектесетінін айтып отыр. Ұйғыр ауданында 140-қа жуық минералды қайнарлар орналасқан. Бір қызығы, олардың әрбірінің құрамы бір-біріне ұқсамайтындай әртүрлі және әрбірінің өзіндік қасиеті бар.

Шонжыдағы ыстық су

Үлкен Алматы көлі (БАО)

Үлкен Алматы көлі Іле-Алатауында 2511 метр биіктікте орналасқан. Бір ғажабы көл өзінің түсін жыл мерзіміне қарай ашық жасыл түстен көгілдір ақық түске өзгертіп тұрады. Үлкен Алматы көлі Тянь-Шань көлдерінің көпшілігі тәрізді тектоникалық өзгерістердің барысында пайда болған. Платинаның сол жағынан қарасаңыз көлдің айналасында орналасқан үш шыңды көресіз: Ең ұшқыр биік шың Кеңес – 4317м, одан кейін Көл шыңы – 4110 м, сосын Турсит шыңы – 3954 м.

Үлкен Алматы көлі

Түрген сарқырамасы

Түрген сарқырамасы – Алматы облысының туристер жиі баратын орындарының бірі. Түрген шатқалында 7 сарқырама бар. Адамдардың көп баратыны: “Аюлы” және “Тескенсу”. Алғашқы сарқырама (биіктігі 30 метр) жасыл шыршалар және шыңдар арасындағы бейнелі орында орналасқан. Шатқалда шыңдар жер сілкінісі кезінде бөлініп, мұзды кезеңге дейінгі іздерді сақтаған. “Аюлы” сарқырамасына баратын көпірден жоғары 300 метрде “сұлулық көзі” атты мұзды бұлақ орналасқан.

Түрген сарқырамасы