11 облыста республикалық маңызы бар жолдардың 46 учаскесі жабылды

14 ақпан сағат 06.00-де қолайсыз ауа райына байланысты 11 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 46 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.

Ақмола облысында — 15 учаске;
Ақтөбе облысында — төрт учаске;
Шығыс Қазақстан облысында — бір учаске;
Жамбыл облысында — бір учаске;
Жетісу облысында — бір учаске;
Қарағанды облысында — үш учаске;
Қостанай облысында — алты учаске;
Қызылорда облысында — үш учаске;
Павлодар облысында — бір учаске;
Солтүстік Қазақстан облысында — тоғыз учаске;
Түркістан облысында — екі учаске.

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 289 техника және 347 жолшы жұмылдырылған.