«Қазгидромет» РМК синоптиктері елімізде 13 ақпанда ауа райы қандай болатынын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклонның жотасы әсерін етеді. Соның салдарынан күн жауын-шашынсыз болады.
Тек еліміздің батыс, солтүстік-батыс, және оңтүстік-шығыс аудандарында атмосфералық ағындардың әсерінен жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады, бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал. ҚР бойынша жел күшейіп, тұман болады.
