Алматыда дәмхана жанына салынған нысанды сүру басталды

Алматыда тағы бір заңсыз жапсарлас құрылысты сүру басталды. Бұл туралы Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады.

Басқарма мәліметінше, Достық даңғылы, 40/1 бойында орналасқан Degirmen кафесіндегі жапсарлас құрылыстың бұзыла басталғаны туралы хабарлады.

Сот шешімі бойынша, ол заңсыз деп танылды. Тамақтану желісінің нүктесі рұқсат құжаттарынсыз салынған жапсарлас құрылыста орналасқан. Былтырғы 19 маусымда басқарма заңбұзушылық деректері бойынша ҚР ӘҚБтК-ның 319, 322-баптарының 1-бөлігі бойынша «Ала кафе» ЖШС қатысты шаралар қабылдады, — делінген хабарламада.

2023 жылғы 20 шілдеде әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қосымшаны заңсыз деп тапты, алайда жауапкер апелляциялық шағым түсірген.

Алматы сотының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы қаулысымен бірінші сатыдағы шешім өзгеріссіз қалды. Бүгін сот шешімін орындау мақсатында бұзу жұмыстары басталды, — делінген хабарламада.