Google ақпараттың рас-жалғанын анықтайтын технология шығарды

Қандай да бір деректі оқығанда жанындағы сілтемеде жалған ақпараттарды анықтайтын PolitiFact немесе Snopes сайттарындағы деректер келтіріледі. Онда деректің ақиқат, яки жалған екендігі жазылады. Қызметтегі материалдар әкімшілердің тексеруінен өтіп отырады.

Google компаниясының мәліметі бойынша, бұл операция әр сұраныс сайын беріліп отырады.

Google News-те жарияланатын басылымдар fact check белгісін алу үшін schema.org, Duke University Reporters Lab және Jigsaw секілді арнайы құралдарды пайдалануы керек. Сонымен қатар, басылымдарға қойылатын Google News Publisher-дің арнайы талаптарын сақтау керек.

ДереккөзNaryk.kz