Қазақстан жер сілкінісінің саны бойынша рейтиңде 58 орынға көтеріліп, 100 елдің ішінде алтыншы орынға жайғасты.
Бұл туралы Ranking.kz хабарлады.
Агенттік мәліметінше, биыл республикада 123 жер сілкінісі тіркелген. Ең жоғары магнитуда 7 балл – бұл осы жылдың қаңтар айының соңында Алматыда болған жер сілкінісі. 2023 жылы Қазақстанда небәрі 55 жер сілкінісі тіркеліп, ең жоғары магнитуда 5,3 болды.
Қазақстандағы кейінгі жер сілкінісі 2 ақпан күні таңертең Таразда тіркелді, оның магнитудасы 4,4 балл болды.
Елімізде ең жойқын жер сілкінісі 1911 жылғы 3 қаңтарда болды. Магнитудасы 7,8 балды құрады. Бұл зілзала барлық мемлекет арасында 23-ші орында тұр. Жер сілкінісі шамамен 4 миллион шаршы шақырым аумақта сезілді. Геолог Богдановичтің айтуынша, жер сілкінісінен 452 адам қаза болып, 740 адам жараланған, 1 094 үй мен 4 545 киіз үй қирап, 13 мыңға жуық мал қырылған.
