Бес облыстың 8 жол учаскесінде қозғалыс шектелді

6 ақпан сағат 10.00-дегі ахуал бойынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты бес облыста республикалық маңызы бар автожолдардың сегіз учаскесінде көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.

Ақтөбе облысында – бір учаске:

1. «Самара-Шымкент» 776-965 км, «ЭКО Ойл» ЖҚС-Қарабұтақ к. – 189 км.

Жетісу облысында – бір учаске:

1. «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма стансасы-Достық стансасы – 100 км.

Қостанай облысында – екі учаске:

1. «Жезқазған-Петропавл» 252-335, Ұлытау облысының шекарасы–Арқалық қаласы – 83 км.

2. Екатеринбург-Алматы» 686-729 км, Сарыкөл к.-СҚО шекарасы – 43 км.

Солтүстік Қазақстан облысында – үш учаске:

1. «Екатеринбург-Алматы» 729-768 км, Қостанай облычының шекарасы-Тоқсан би а. — 36 км.

2. «Жезқазған-Петропавл» 595-671 км, Тоқсан би ауылы-Явленка ауылы — 76 км.

4. «Тимирязево-Сарыкөл-облыс шекарасына дейін» 0-31 км, Тимирязево ауылы-облыс шекарасына дейін – 31 км.

Ұлытау облысында – бір учаске:

1. «Жезқазған-Петропавл» 137-252 км, Ұлытау к.-Қостанай облысының шекарасы – 115 км.