​Телефонға тәуелділерге арналған бағдаршам пайда болды

Диодшырақты қауіпсіздік құрылғысы жаяу жүргіншілер өтетін жолаққа жақын орнатылған. Оның түсі бағдаршамның сигналын қайталап тұрады.

Бұл үнемі телефонға үңіліп, көзін төмен салып жүретін жандарға арналған.

Қазір бұл құрылғы Нидерландының екі қаласында – Эрбек пен Бодегравенде орнатылған. Нәтижесі жақсы болса, болашақта басқа қалаларға жеткізіледі.

ДереккөзInform.kz