Елімізде кейінгі аптада 12 кісі өлімі тіркелді

Өткен апта ішінде ел аумағында адам өлтірудің 12 фактісі тіркелді. Бұл туралы ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.

Алдымен елдегі криминогендік жағдайға тоқталайық. Бір апта ішінде 2 541 қылмыс жасалды, оның 1 619-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 12 кісі өлтіру, алты өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді қылмыстарын ашты. Одан бөлек, тәртіп сақшылары апта ішінде 28 тонау, екі қарақшылық және 284 бөтен мүлікті ұрлағандарды тапты, — деді Шұғыла Тұрлыбек ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.