5 ақпан сағат 12.00-дегі ахуал бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты төрт облыста республикалық маңызы бар автожолдардың алты учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Бұл туралы QazAvtoJol республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы хабарлады.
Ақтөбе облысында – үш учаске:
1. «Самара-Шымкент» 776-965 км, ЭКО Ойл ЖҚС-Қарабұтақ к. – 189 км.
2. «Самара-Шымкент» 965-1153 км, Қарабұтақ к.-Ырғыз к. – 188 км.
3.«Самара-Шымкент» 1153-1240 км, Ырғыз к.-Қызылорда облысының шекарасы — 87 км.
Қостанай облысында – бір учаске:
1. «Жезқазған-Петропавл» 252-335 км, Ұлытау облысының шекарасы-Арқалық қаласы – 83 км.
Қызылорда облысында – бір учаске:
1. «Самара-Шымкент» 1240-1360 км, Ақтөбе облсының шекарасы–Арал қаласы 120 км.
Ұлытау облысында – бір учаске:
1. «Жезқазған-Петропавл» 137-252 км, Ұлытау к.-Қостанай облысының шекарасы – 115 км.
