«Қазгидромет» РМК синоптиктері Алматы тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті.
2024 жылғы 5 ақпанда Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
