Бүгін, 7 сәуір күні Астанада Дэвис кубогының Азия және мұхит аймағы елдері арасындағы іріктеу сындарының екінші кезеңі басталды. Онда Қазақстан құрамасы Қытай теннисшілерімен кездесу өткізіп жатыр. Екі ел арасындағы бірінші кездесуде біздің елдің атынан Михаил Кукушкин шығып, қарсыласы Диваны төрт сеттің қорытындысы бойынша 6:2, 3:6, 6:3, 6:2 есебімен жеңді.
Жекелей сында енді Қазақстан намысын Дмитрий Попко қорғайды. Бұл Попко үшін Қазақстан құрамасы үшін өткізетін бірінші кездесуі болмақ. Оның қарсыласы Цзе Чжан.
Ертең, 8 сәуір күні доданың жұптық сайысы өтеді. Ол кездесуде Андрей Голубев және Александр Недовесов өнер көрсетеді.