Қазақстанда 3-5 ақпанда ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері елімізде 3-5 ақпанда ауа райы қандай болатынын жариялады.

Демалыс күндері Қазақстан бойынша синоптикалық жағдай орталығы Скандинавияның солтүстігінде орналасқан Атлантикалық циклонға байланысты болады. Елдің басым бөлігінде бұлт басып, әр түрлі фазаларда жауын-шашын жауады, екпінді жел соғады, көктайғақ болады.

Тек оңтүстік өңірлер әлі де антициклонның қорғауында, ауа райы негізінен жауын-шашынсыз сақталады. Атлант циклоны республиканың барлық дерлік аумағында температураның біртіндеп көтерілуіне себепші болады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да