Қазақстанның бес облысында жолдар жабылды

1 ақпан күні сағат 18.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты бес облыстағы республикалық маңызы бар тасжолдың бес учаскесінде көліктің барлық түріне қозғалысқа шектеулер енгізілді.

Бұл туралы “ҚазАвтоЖол” хабарлады. 

Жамбыл облысы:

Алматы-Ташкент-Термез жолының учаскесі, 534-593 км, Айша бибі ауылы-Түркістан облысының шекарасы учаскесі – 59 км.

Жетісу облысы:

Үшарал-Достық учаскесі, 84-184 км, Көктума станциясы-Достық станциясы учаскесі – 100 км.

Қостанай облысы:

Жезқазған-Петропавл учаскесі, 252-335 км, Ұлытау облысының шекарасы-Арқалық қаласы уячаскесі – 83 м.

Түркістан облысы:

Алматы-Ташкент-Термез учаскесі, 593-652 км, Түркістан облысының шекарасы-Машат ауылы учаскесі – 59 км.

Ұлытау облысы:

Жезқазған-Петропавл учаскесі, 137-252 км, Ұлытау ауылы-Қостанай облысының шекарасы учаскесі – 115 км.

Қазіргі таңда республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына 773 бірлік техника мен 1 522 адам жұмылдырылған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да