Үшарал-Достық күре жолы ашылды

Жетісу өңіріндегі «Үшарал-Достық» күре жолындағы көлік қозғалысына қойылған шектеу сағат 9:30-дан бастап алынды, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Жетісу облысында боран соғып, жолдың көрінбей қалуы себепті «Үшарал-Достық» күре жолының Көктұма бекетінен Достық бекетіне дейінгі аралығында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілген болатын.