Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады

Қазақстанда запастағы офицерлер екі жыл мерзімге әскери қызметке шақырылады.

Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 32-бабына сәйкес, офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2024 жылы 24 ай мерзімге әскери қызметке шақырылсын, — делінген қаулыда.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.