Еліміздің қарулы күштерінің әскери қызметшілері Беларусьте өткен чемпионатта жеңіске жетті

Қазақстан қарулы күштерінің әскери қызметшілері Беларусь елінде өткен қоян-қолтық ұрыс чемпионатында жеңіске жетті. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Беларусь қарулы күштері арнайы операциялар күштері қолбасшысының жүлдесіне өткен армиялық қоян-қолтық ұрысының 11-ші ашық чемпионатында қазақстандық жауынгерлер жалпыкомандалық есепте жеңіс тұғырының бірінші сатысынан орын алды, — делінген хабарламада.